Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қызмет көрсету
ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША САРАПТАМА:
Техника қауіпсіздігін бұзу апаттық жағдайға алып келуі мүмкін. Салық немесе қаржы саласындағы қателіктерге қарағанда өндірістіктегі қателіктердің артынан тек материалдық шығындар ғана емес, сонымен бірге ауқымды апаттар, жазатайым жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан дәл осы себеп бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптаманы уақытында өткізу маңызды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын:
- қауіпті өндірістік объектілер;
- ғимараттар мен имараттар;
- қауіпті кәсіпорында пайдаланатын техникалық құрылғылар үшін растау міндетті.
ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ:
Қауіпті өндірістік объектілер міндетті мағлұмдауға жатады, оларды пайдаланған кезде қауіпті өндірістік факторлардың тұрғындарға, қоршаған ортаға зиянды әсерінің мүмкіндігі жойылмаған.
Қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы әзірленеді:
- Қауіптіліктерді талдау және апаттар мен төтенше жағдайлардың тәуекелін бағалау;
- Өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама мен техникалық аудит;
- Оны сертификаттау арқылы өнімнің сәйкестігін растау.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫ ӘЗІРЛЕУ
(технологиялық регламенттер, өндірістік бақылау туралы ереже, техникалық құрылғылар мен жабдықтарға төлқұжаттар);
ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДЕ АПАТТЫ ЖОЮ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ;
СОҒЫС КЕЗІ МЕН БЕЙБІТ УАҚЫТЫНА АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ;
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫ ТЕКСЕРУ
(жүк көтергіш крандар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, сұйыққоймалар және т.б.);
ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫ (ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕР) ТЕКСЕРУ.
Ғимараттар мен имараттардың өнеркәсіптік сараптамасын өткізу бүкіл құрылысты немесе бөлек конструкциялардың техникалық жағдайын тексеруге мүмкіндік береді. Тұжырымында объектінің пайдалану мүмкіндігі көрсетіледі, егер апаттық телімдер мен зақымданулар анықталған жағдайда қажетті қайта құру мен жөндеу жұмыстарын жүргізу шешіледі.